Құрметті студенттер!
2025 жылғы күзгі семестрге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Оқу Еуропа елдерінің жоғары оқу орындарында өтеді.
📌 Қажетті құжаттар:
• Академиялық транскрипт
• Ағылшын тілін білуді растайтын келесі сертификаттардың бірі:
• IELTS — 5.5 төмен емес
• TOEFL — кемінде 60 балл
• ENERGO тілдер кафедрасынан сертификат
📍 Құжаттар Халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады
A411 кабинетінде, жұмыс күндері 8:00–17:00 аралығында
📅 Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 жылғы 29 маусым
📧 Сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға хабарласыңыз: ic@aues.kz
⚠️ Толық емес немесе ресми емес құжаттар қаралмайды.
Еуропада білім алу және халықаралық тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Құрметпен,
Халықаралық байланыстар бөлімі