Energo University

Университеттің 50 жылдығына арналған іс-шаралар күнтізбесі

Жыл бойы ерекше оқиғалармен толыққан: ашылулар, жарыстар, буындар кездесуі, ғылыми форумдар мен шығармашылық фестивальдер — мұның бәрі АЭжБУ рухының айғағы


Галерея

Іс-шаралар күнтізбесі

Күні Іс-шаралар
31 ҚАҢТАР Интерактивті музейдің ашылуы. А. Болотов атындағы дәріс залының ашылуы. Мерейтой жылының ашылуына арналған салтанатты жиын.
6–8 АҚПАН Алматы қ. мектеп оқушылары арасында дрондар бойынша ҚР чемпионаты
21–23 АҚПАН Астана қаласында мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша Азия чемпионаты
АҚПАН Алматы қ. ЖОО студенттеріне арналған хакатон: «Радиотехника», «Телекоммуникациялар» және «Энергетика» бағыттары бойынша
20 НАУРЫЗ Наурыз мейрамы аясында ашық есік күні. Университет тарихы мен локациялары бойынша квест.
НАУРЫЗ Қамқоршылар кеңесінің мерейтойлық отырысы
10–12 СӘУІР Мектеп оқушылары арасында зымыран жасау бойынша ҚР чемпионаты
14–19 СӘУІР АЭжБУ-дің 50 жылдығына арналған студенттік фестиваль: • студенттік көктем • спартакиада • интеллектуалдар күні
31 МАМЫР АЭжБУ-дің 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шара: • түлектер кездесуі • мерекелік концерт
14–15 МАУСЫМ Халықаралық дрондар фестивалі
МАУСЫМ Салалық кеңестер отырыстары
5 ШІЛДЕ Бакалаврлар, магистранттар және докторанттардың салтанатты бітіру кеші
30 ТАМЫЗ Ғ. Дәукеевтің туған күні • Ғ. Дәукеевтің туыстарымен кездесу • 2/3 курс студенттеріне Ғ. Дәукеев атындағы атаулы грантты тағайындау және тапсыру
ҚАЗАН XIII Халықаралық ғылыми-техникалық конференция: «Энергетика, инфокоммуникациялық технологиялар және жоғары білім»
22 ЖЕЛТОҚСАН Энергетиктер күніне арналған іс-шара
ЖЫЛ БОЙЫ Ұлттық және шетелдік жетекші компаниялардың табысты, сұранысқа ие мамандары, түлектері мен университет ардагерлерінен студенттерге арналған қонақ дәрістері

Энерго университетінің 50 жылдық логотипі