1. Белсенді өмір бойы жаңа білімді меңгере отырып, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетіне ие болу. 2.Ғылыми-зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыру; гуманитарлық мәдениетті, адамдарға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасты реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды меңгеру. 3.Қазіргі заманғы өркениеттің қалыптасуындағы ақпараттық және компьютерлік технологиялардың маңызын, техниканың әлеуметтік-философиялық мәселелерін, инженерлік-техникалық қызметтің мақсатын, оның адамгершілік және гуманистік мәнін түсіну.
4. Үнемі өзгеретін әлеуметтік, экономикалық және басқа жағдайларға бейімделе білу; мобильді және техника мен технологияны жетілдіруге бейім болу.
5. Жүйелі көзқарас негізінде проблемалық жағдаяттарды сыни тұрғыдан талдап, іс-әрекет стратегиясын құрастыра білу
6. Аналогтық және цифрлық құрылғылардың схемасын, автоматты жүйелерді басқару және реттеу заңдылықтарын білу,
7. Инженерлік жүйелерді модельдеудің әртүрлі әдістерін, сондай-ақ өндірістік және инженерлік ортада қолданылатын сандық және компьютерлік шешімдер әдістерін қолдана білу.
8. Құрылғыларды, жүйелер мен кешендерді өндіру технологиясының негіздерін, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін, әдістері мен компьютерлік графика құралдарын білу.
9. Көрсетілген талаптарды ескере отырып құрылғыларды, аспаптарды және электронды жүйелерді жобалауды білу
10. Арнайы компьютерлік жобалау жүйелерін пайдалана отырып, телекоммуникация және энергетикалық жүйелерге техникалық шарттарды жасай білу.
11. Ақпараттық іздестіру жүргізу және зерттеу әдістемесін құрастыра білу; рефераттар, эсселер, аннотациялар, әдебиеттерге шолулар, ғылыми мақалалар жазу; есептер мен презентацияларды жасау және өңдеу.