ON-4. Қазіргі заманғы компьютерлік, ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалау негіздері және жаңғыртылатын энергия көздеріндегі SCADA жүйелеріне негізделген ақпараттық технологияны құру әдістері туралы білімді игеру, компьютерлік желілерде жұмыс істеу, мәліметтер мен ақпараттық форматтардың кез-келген түрін табу, өңдеу және беру, әртүрлі Интернет қосымшаларын пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын білу.
ON-5. Жаңғыртылатын энергия жүйелеріне арналған жартылай өткізгіш және түрлендіргіш құрылғыларды, электрлік өлшеу құралдарын, күрделі релелік қорғаныс құралдары, басқару жүйелерін мен микропроцессорлық және цифрлық жүйелерді автоматтандыру негізінде электрэнергетикалық жүйелерді қорғаудың негізгі және резервтік түрлерін есептеу және таңдау.
ON-6. Электр машиналарының, цифрлық және коммутациялық электр құрылғыларының негізгі жұмыс принциптері мен параметрлерін меңгеру, қазіргі электр материалдарының ерекшеліктерін білу, жылуэнергетикалық жабдықтардың заманауи оқшаулағыш материалдарының ерекшеліктерін білу
ON-7. Жаңартылатын энергия көздеріне, энергияның конверсиялық жүйелеріне негізделген энергетикалық жүйелердің жұмысының негізгі принциптерін, конструкция мен сипаттамаларын, климаттық деректер негізінде жел энергиясы мен күн радиациясын, су ресурстарын бақылау және бағалау жүйесінің әдістерін қолдану; гидрологиялық есептеу және шағын су электр станцияларының негізгі жабдықтарын таңдау.
ON-8. Жылу энергетикалық жұмыс принциптерін және жүйелер мен жылу қондырғылары жылу-энергетикалық сипаттамаларын, жылу-энергетикалық нысандарының өндірістік және технологиялық режимін, жаңғыртылатын энергия көздері негізінде автономды жүйелерді, қуат резерві үшін энергия сақтау жүйелерді, таратылған генерация жүйелерінің режимдерін есептеу.
ON-9. Жаңартылатын энергия көздерінің қондырғыларының электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу, іске қосу, сынау және пайдалану, энергиямен жабдықтау жүйелеріне арналған кабельді және әуе желілерін монтаждау және жөндеу технологияларын дербес жүзеге асыра білу. Техникалық байқау стандарттарын, электр энергиясының алдын-алу және диагностикалау әдістерін құрастыру
ON-10. Электр желілерін, қосалқы станцияларды жобалау және пайдалану кезінде есептеулердің негізгі мәселелерін меңгеру, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері жүйелері мен объектілерінің энергиямен жабдықтау жобалауы мен автоматика-релелік қорғанысы. Электрмен жабдықтау жүйелері және ішкі және сыртқы жарықтандыру үшін жарық беру жүйесінің қасиеттері туралы білімі болуы.