Energo University

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

“Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі” білім беру бағдарламасы бойынша АКТ саласындағы бакалавр

чек иконка Профиль элементтері: Математика + Информатика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

чек иконка Проходной балл: 75

чек иконка Количество ECTS: не менее 240 кредитов

Системы информационной безопасности

Мақсаттар

Ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандар даярлау. Бұл мамандар ақпаратты қорғау, сенімді сақтау, беру және өңдеу бойынша кез келген күрделі тапсырманы практикалық тұрғыдан шеше алады. Оқыту барысында олар математика мен ақпараттық технологиялардың ең жаңа жетістіктерін меңгеріп, заманауи аппараттық-бағдарламалық құралдарды тиімді пайдаланады.

  • Көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру
  • Криптология
  • Қаржылық құрылымдардың ақпараттық қауіпсіздігі

  • Қосымшалардың рұқсатсыз кіруден тұрақтылығын бағалайтын кешенді шешімдерді әзірлей алады.
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін және компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау құралдарын әкімшілендіру дағдыларына ие.
  • Математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық білімдерді пәнаралық контексте қолданады.
  • Өндірісті ұйымдастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау әдістерін меңгеріп, кәсіби саладағы инженерлік міндеттерді шеше алады.
  • Қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын ақпаратты қорғау құралдары арқылы қамтамасыз ете алады.
  • Ақпаратты қорғау құралдарын орнату және конфигурациялау қабілетіне ие.
  • Компьютерлік жүйелердің элементтік базасы, архитектурасы, операциялық жүйелері, желілер және олардың қауіпсіздігі туралы терең білімге ие.
  • Операциялық жүйелердің, деректер базасын басқару жүйелерінің (ДББЖ) және бағдарламалық қамтамасыз етудің (БҚЕ) қауіпсіздік саясатын баптай алады.
  • Ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық процестерді қорғауға арналған бағдарламалау технологиялары мен әдістерін меңгерген.

  • Банктік сектор – Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, ДО АО Банк ВТБ Қазақстан және басқа да қаржы ұйымдары.
  • Телерадиобайланыс және байланыс саласы – ҚазТелеком, ҚазТелепорт, K-Cell, Beeline, Dalacom.
  • Орталық Азияның жетекші IT және киберқауіпсіздік компаниялары – ЦАРКА, Alsi, Logicom, RealSoft, ICORE-Integration.
  • Мемлекеттік құрылымдар – НИТ, МВД, Салық комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (КНБ).
  • Энергетика секторындағы қауіпсіздік қызметтері.
  • "Қазақфонд" акционерлік қоғамы.

Компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік бөлімдері – ақпаратты қорғау, желілік әкімшілендіру, мәліметтер базасын басқару және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.

Студенттер қажетті стендтермен, макеттермен, өлшеу құралдарымен және компьютерлермен жабдықталған оқу зертханаларында білім алады: 

-“Cisco” зертханасы,(АУЭС бірінші болып Қазақстанда аймақтық Cisco академиясы мәртебесіне ие болды);

-“Huawei академиясы”-ICT талаптарын қанағаттандыратын, студенттерге арналған коммерциялық емес білім беру бағдарламасы;

- АУЭС студенттеріне киберқауіпсіздік туралы маңызды ақпарат беретін “Kaspersky lab” аудиториясы;

-"Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелерді құру" оқу-ғылыми зертханасы НТЦ ПИБ.  АЭжБУ-ды 2025 жылға дейінгі зерттеу үлгісіндегі университетке трансформациялау стратегиясын іске асыру шеңберінде ғылыми жобаларды сапалы орындау, сондай-ақ білім алушылардың ҒЗЖ-ын дамыту үшін зертхана "Омар Тұрғанбек атындағы Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері" ғылыми-техникалық орталығының басқаруына берілді (АҚМ ҒТО) (Б-ғимараты, 311-аудитория);

-Ақпаратты қорғауды бағдарламалау зертханасы – "Doctor Web" компаниясының оқу орталығы (Б-ғимараты, 407-аудитория);

-Омар Тұрғанбек атындағы "Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері" ғылыми-техникалық орталығы ақпараттық технологиялар институты жанынан құрылды, жетекшісі – Р. Ш. Бердібаев, саясаттану ғылымдарының кандидаты, ХАА академигі (Б-ғимараты, 411-аудитория);

-Инфокоммуникациялық қауіпсіздік зертханасы (Б-ғимараты, 414-аудитория); 

-Желілік технологиялар қауіпсіздігі зертханасы (Б-ғимараты, 416-аудитория);

-Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары зертханасы (Б-ғимараты, 420-аудитория)

- «Fortinet» желілік қауіпсіздік зертханасы (Б-ғимараты, 327-аудитория)

Энерго университетінде оқуды бастаңыз