Energo University

Жасанды интеллект және деректерді талдау

6В06104 - «Жасанды интеллект және деректерді талдау» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

чек иконка Профиль элементтері: Математика + Информатика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

чек иконка Проходной балл: 70

чек иконка Количество ECTS: не менее 240 кредитов

Искусственный интеллект и анализ данных

Мақсаттар

Жасанды интеллект және деректерді талдау саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгерген мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама Машиналық оқыту, терең оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру саласындағы дағдыларды дамытуға, сондай-ақ студенттерге осы білімді бизнес, медицина, қаржы және т.б. сияқты әртүрлі салалардағы практикалық мәселелерді шешу үшін үйретуге бағытталған.

  • Бағдарламалық жасақтама;
  • Деректерді талдау; 
  • Жасанды интеллект.

ON-1. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу және оларды зерттеу саласында қолдану

ON-2. Зерттеу саласында фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі байланыстар туралы білімді және түсінікті қолдану

ON-3. Қарым-қатынас қызметіндегі лексикалық және грамматикалық құрылымдарының кең спектріне ие  тіл білімін, әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі элементтері  негіздерін меңгеру және оларды кәсіби қызметінде  қолдана білу.

ON-4. Экономикалық жоспарлауды, бағалау  әдістері мен тәсілдерін, персоналды және инвестицияларды басқаруды, өндірісті ұйымдастыруды және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауды ие болу.

ON-5. Математикалық, саңдық, жоғары өнімді есептеулерді, шешімді қабылдау әдістерін, әртүрлі процесстер үшін модельдеуді қолдану.

ON-6. Компьютерлік жүйелердің физикалық процесстерін меңгеру және ақпараттық жүйелер мен олардың компоненттерін жобалау кезінде архитектуралық шешімдерді қолдану.

ON-7. Өзінің кәсіби қызметінде инновациялық АКТ және бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық қауіпсіздік алгоритмдері мен әдістерін қолдану.

ON-8. Құралдарға, ортаға, заманауи бағдарламалау технологияларына иелік ету, ақпараттық жүйелерді бағдарламалық, функционалдық қамтамасыз етуді әзірлеу.

ON-9. Компьютерлік желілерді жобалау, баптау, тексеру, қолдау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ON-10. Жасанды интеллект жүйелерін іске асыру, эргономикалық пайдаланушы интерфейстерін жобалау және дамыту, жобаларды басқару.

ON-11. Жасанды интеллект жүйелерін тәжірибелік пайдалануды және оны енгізуді жүзеге асыру, BigData, datamining, бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, деректерді жинау, сақтау, талдау, басқару жүйесін әзірлеу.

"ALSI", "Logycom", "RealSoft"жетекші компьютерлік компаниялары;

телекоммуникация және байланыс саласында ("Қазақтелеком", "К-СеІІ", "Beeline", "Dalacom", "Neo"); желілік әкімшілендіруге, деректер базасын әкімшілендіруге, ақпаратты қорғауға, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, есептеу техникасымен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен жұмыс істеуге байланысты компаниялар бөлімдерінде, атап айтқанда: Seiko Epson Со, Samba Construction, ЖШС "OMEGA.KZ", "Alfa technologies", "ALTERNATE", " N-Com"," Newinttech", BP Solution және басқа да озық, табысты дамып келе жатқан ұйымдар; банк саласында ("Наlyk", "KazCom" және т. б. банктер);

ІІМ және Салық полициясы.

Сонымен қатар, түлектер Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де табысты жұмысқа орналасуда.

Компьютерлік сыныптар IT-мамандарды даярлаудың барлық талаптарына жауап беретін заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Білім беру бағдарламалары "IT-инженерия және жасанды интеллект" кафедрасының базасында іске асырылады, оның құрамына 10 мамандандырылған зертхана кіреді:

  • Appie Зертханасы
  • Hewlett-Packard құзыреттілік орталығы 
  • Huawei академиясы
  • Dahua инновациялық шешімдер зертханасы
  • Kaspersky Зертханасы 
  • Толықтырылған және Виртуалды шындық зертханасы 
  • Жасанды интеллект және машиналық оқыту зертханасы
  • Cisco зертханасы желілік академиясы 
  • Инновациялық бағдарламалық шешімдер зертханасы
  • Үлкен деректер және аналитика зертханасы

Energo University-де оқуды бастаңыз