Energo University

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Техника және технология бакалавры

чек иконка Профиль элементтері: Математика + Информатика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

чек иконка Проходной балл: 70

чек иконка Количество ECTS: не менее 240 кредитов

Вычислительная техника и программное обеспечение

Мақсаттар

Жасанды интеллект және деректерді талдау саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды меңгерген мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама Машиналық оқыту, терең оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру саласындағы дағдыларды дамытуға, сондай-ақ студенттерге осы білімді бизнес, медицина, қаржы және т.б. сияқты әртүрлі салалардағы практикалық мәселелерді шешу үшін үйретуге бағытталған.

  • Бағдарламалық инженерия; 
  • Компьютерлік инженерия.

ON-1. Әлеуметтік-гуманитарлық, тарихи, экологиялық, экономикалық ғылымдарды білу және кәсіби қызметте қолдана білу.

ON-2.Физика-математика ғылымдарының, Математикалық - компьютерлік модельдеудің негіздерін білу, осы білімді инженерлік-техникалық есептерді шешуде қолдана білу

ON-3. Операциялық жүйелердің негіздерін білу, инженерлік-техникалық міндеттерді шешу бағдарламаларын құра білу, инновациялық АКТ қолдану, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. 

ON-4. Мәліметтер базасын және мәліметтер базасын қорғау жүйелерін әзірлеу әдістерін білу, мәліметтер базасын, сараптамалық жүйелерді, жасанды интеллект жүйелерін жасай білу.

ON-5. Компьютерлік желілерді жобалау негіздерін білу, компьютерлік желілерді және желілерді қорғау жүйелерін жобалай білу, желілік жабдықты баптай білу.

ON-6. Веб-қосымшаларды, графикалық қосымшаларды әзірлеу әдістерін білу, веб-қосымшаларды, веб-қосымшалардағы ақпаратты қорғау жүйелерін жобалай және дамыта білу

ON-7. Электроника, Схемотехника негіздерін білу, Электрондық схемалар мен электрондық аспаптарды жобалай білу, электрондық аспаптарды бағдарламалай білу 

ON-8. Мобильді қосымшаларды, ойындарды, компьютерлік графиканы әзірлеу әдістерін білу, мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қосымшаларды әзірлей білу

- "ALSI", "Logycom", "RealSoft" және т. б. жетекші компьютерлік компаниялар.;

-телекоммуникация және байланыс саласында ("Қазақтелеком", "К-СеІІ", "Beeline", "Dalacom", "Neo" және т. б.);

- желілік әкімшілендіруге, деректер базасын әкімшілендіруге, ақпаратты қорғауға, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, есептеу техникасымен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен жұмыс істеуге байланысты компаниялар бөлімдерінде, атап айтқанда: Seiko Epson Со, Samba Construction, ЖШС "OMEGA.KZ", "Alfa technologies", "ALTERNATE", too " N- Com"," Newinttech", BP Solution және басқа да озық, табысты дамып келе жатқан ұйымдар;

- банк саласында ("Науик", "KazCom", "KASPI" және т. б. банктер);

-ІІМ, ҰҚК және Салық полициясы.

Сонымен қатар, түлектер тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шет елдерде де табысты жұмысқа орналасуда.

Компьютерлік сыныптар IT-мамандарды даярлаудың барлық талаптарына жауап беретін заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Білім беру бағдарламалары "IT-инженерия және жасанды интеллект" кафедрасының базасында іске асырылады, оның құрамына 10 мамандандырылған зертхана кіреді:

  • Appie Зертханасы
  • Hewlett-Packard құзыреттілік орталығы 
  • Huawei академиясы
  • Dahua инновациялық шешімдер зертханасы
  • Kaspersky Зертханасы 
  • Толықтырылған және Виртуалды шындық зертханасы 
  • Жасанды интеллект және машиналық оқыту зертханасы
  • Cisco зертханасы желілік академиясы 
  • Инновациялық бағдарламалық шешімдер зертханасы
  • Үлкен деректер және аналитика зертханасы

Energo University-де оқуды бастаңыз