Energo University

Электроэнергетикасы

Философия докторы (PhD)

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: докторантура

чек иконка Проходной балл: 75

чек иконка Количество ECTS: не менее 180 кредитов

Электроэнергетика

Мақсаттар

«Электроэнергетика» докторантура бағдарламасы электр энергиясын өндіру, беру және тарату саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама интеллектуалды энергетикалық жүйелер, жаңартылатын энергия көздері, энергия ағынын басқару және энергия тиімділігін арттыру саласындағы зерттеулерге ерекше көңіл бөледі. Түлектер ғылыми зерттеулер жүргізу және жобаларды басқару дағдыларын меңгеріп, энергетика саласындағы ғылыми, білім беру және өндірістік ұйымдарда жұмыс істеуге дайындалады.

ON-1 Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу. Қабылданған шешімдерің нұсқаларын негіздеу, талдау және тұжырымдау. Автоматтандыру мен басқару жүйесін дамытуда ғылыми зерттеулер мен жүйелік талдау әдістерін қолдану;

ON-2 Заманауй компьютерлік қосымшаларды қолдану арқылы трансформаторларды, электр қозғалтқыштарын, электр жетектерін және автоматты басқару жүйелерін модельдеу әдістерін, объектілерді математикалық сипаттауды және оны модельдеу процесінде қолдануды, модельдеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістерін және модельдеу процесін объектіні сипаттаудан бастап математикалық модель құруға және эксперимент жүргізуге талдау жасау;

ON-3 Жел турбинасының компоненттерін математикалық модельдеу саласындағы терең кәсіби білімдерін көрсету. Математикалық модельдеу 1мүмкіндіктерін, математикалық модельдердің жіктелуін және олардың қолданылуы туралы идеялардын көрсете білу. Математикалық модель қандай негізгі сапалы сұрақтарға жауап бере алатынына жауапбере білу. Жел энергетикасындағы мәселелерді шешуде декомпозиция, абстракциялаудың практикалық дағдыларын дамыту;

ON-4 Қысқа мерзімде экспедициялық өлшеулерден деректерді эталондық станцияның деректеріне жеткізу техникасын меңгеру. Ұсынылған жел турбинасын орнату орнында бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін жинау. Гидроэнергетикалық ресурстарды және судың ағынын бақылаудың өлшеу жүйесін есептеу әдісін игеру; Гидроэнергетикалық ресурстарды және судың ағынын бақылаудың өлшеу жүйесін есептеу әдісін игеру;

ON-5 Қазақстанның заңнамасындағы Дүниежүзілік деңгейде энергетикалық тиімділігінің алғы шарттары мен энергия үнемдеудің алғы шарттары, электр желілерін зерттеу әдістері, энергия тиімділігі бойынша техникалық шешімдер, таратушы электр желілері мен электр энергиясын тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасы мәселелері, электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын негізгі талаптар және оны арттыру әдістері, энергияны тұтыну режимдерін реттеу мәселелерін, Ғаламдық масштабтағы энергетикалық тиімділіктің және энергия үнемдеудің алғышарттарын, электр желілерін зерттеу әдістемесін, энергия тиімділігі бойынша техникалық шешімдерді игеру;

ON-6 Күштік электроника элементтерінің негізгі түрлерін және тұрақты токтан айнымалы токқа, айнымалы токтан тұрақты токқа түрлендіргіш құрылғылардың, жиілікті түрлендіргіштерді және т.б. зерттеу;

ON-7 Жоғары вольтты электр желілерінің компенсацияланатын және басқарылатын (икемді) электр желілерінің құрылысы, жұмыс істеу қағидаларын және олардың кернеу мен реактивті қуаттың таралуына әсері, ұзын жиекті теңдеулерін және оның толқындық сипаттамаларын игеру;

ON-8 Электр энергиясын жоғары кернеудегі үлкен қашықтыққа беру теориясын меңгеру. Электр берілісінің қазіргі заманғы желілерінің типтері мен жіктелуі. Тіректер, сымдар және асқын кернеуден қорғау конструкциясының параметрлері мен ерекшеліктері. Өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетін бағалау критерийлері және оған қазіргі желілерінің конструкциясының әсері. Негізгі конструкциялық параметрлер және механикалық есептеу негіздері.

ON-9 Статикалық компенсациялық құрылғылардың қасиеттері мен сипаттамаларын, оларды есептеу және параметрлерді таңдау әдістерін зерттеу. Статикалық тиристорлық компенсаторлар. Асинхронды компенсаторлардың сұлбалары және жұмыс істеу принципі. Бойлық компенсацияның басқарылмайтын құрылғылары. Бойлық компенсацияның басқарылатын құрылғылары. "Біріккен реттеуіштің" көмегімен электр беру желісінің активті және реактивті қуатын кешенді реттеу.

ON-10 Масштабтардың өсуімен және технологиялық процестердің күрделенуімен, жекелеген агрегаттар мен қондырғылардың бірлі-жарым қуатының ұлғаюымен, қарқынды, жоғары жылдамдықты режимдерді қолданумен, өнім сапасына, персоналдың қауіпсіздігіне, жабдықтың және қоршаған ортаның сақталуына қойылатын талаптардың артуымен сипатталатын қазіргі заманғы өнеркәсіптік өндіріс туралы терең білімді көрсету.

ON-11 Электржетектің объектілі-бағытталған жүйелерін құру нұсқаларын және орталықтан тепкіш жүктеменің ерекшеліктерін талдау, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін электржетектің объектілі-бағытталған жүйелерін құру және параметрлерді есептеу әдістерін, статикалық және динамикалық сипаттамаларды, әр түрлі мақсаттағы автоматтандырылған электржетектің элементтерін таңдау.

-«Самұрық-Энерго» АҚ;

- «KEGOC» АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «Алматы электр станциялары» АҚ;

- «Alageum Electric» Компаниясы;

- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ;

- «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС;

- «Қазэлектромонтаж» АҚ;

- «Алматыэлектротранс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

-  Өңірлік энергетикалық кәсіпорындар және т. б

- ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетикалық кешеннің ақауларын зерттеу», «Зияткерлік электр энергетикалық жүйелер», «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» және «Электр энергетикасындағы күштік және жартылай өткізгіштік техникалар».

-электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау, электрмен жабдықтау, электр аппараттары, электр машиналары, түрлендіру техникасы және электротехникалық материалдар бойынша оқу-зерттеу зертханалары;

- жоғары вольтты жабдықтың жай-күйін сынау және бағалау үшін «TUR» (Германия) фирмасының оқу-зертханалық стендтерінің кешені;

- зауыттық релелік қорғаныс тіректері; Siemens фирмаларының сандық релелік қорғанысы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider electrik.

- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен компьютерлік-телевизиялық аудиториялар және компьютерлік зертханалық сыныптар;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens фирмаларында 1000-ға дейін және одан жоғары коммутациялық жабдық.

Energo University-де оқуды бастаңыз