ON1 Гуманитарлық, әлеуметтік, этикалық және ғылыми-педагогикалық теориялар мен әдістерді кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында тәжірибеде қолдану.
ON2 Таңдалған салада ғылыми зерттеулер жүргізу және техникалық құралдар мен кешендерді қолдана отырып, теориялық-эксперименттік нәтижелерді өңдеу.
ON3 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде криптографиялық қорғаудың бағдарламалық-техникалық әдістерін зерттеу және қолдану, сондай-ақ нормативтік негіздерді түсіну.
ON4 Бағдарламалау пәндерін оқыту әдістерін қолдану, есептеу жүйелері мен кешендерін жобалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
ON5 BigData, DataMining, бұлттық және таратылған есептеулер технологияларын қолдана отырып, деректерді жинау, сақтау, талдау және басқару жүйесін әзірлеу.
ON6 Жобалық және технологиялық шешімдерді әзірлеу, құжаттау, сондай-ақ аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу бизнес-процестерін басқару.
ON7 Қолданбалы міндеттерді әртүрлі салаларда шешу үшін жасанды интеллект, машиналық оқыту және нейрондық желілердің модельдері мен әдістерін қолдану.
ON8 Шешім қабылдаудың математикалық және құралдық әдістерін қолдану, күрделі оңтайландыру міндеттерін шешу кезінде алгоритмдердің тиімділігін бағалау.