ON1: Әр түрлі кәсіби қызмет түрлерінде гуманитарлық, әлеуметтік, этикалық және ғылыми-педагогикалық теориялар мен әдістерді практикада қолдану.
ON2: Таңдалған салада ғылыми зерттеулер жүргізу және техникалық құралдар мен кешендер көмегімен теориялық-эксперименттік нәтижелерді өңдеу.
ON3: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде криптографиялық қорғау әдістерін зерттеп, қолдану және нормативтік негіздерді түсіну.
ON4: Бағдарламалау пәндерін оқыту әдістерін қолдану, есептеу жүйелерін және кешендерді жобалау мен бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу.
ON5: BigData, DataMining, бұлтты және тарату есептеулер технологияларын қолдана отырып деректерді жинау, сақтау, талдау және басқару жүйесін әзірлеу.
ON6: Жобалау және технологиялық шешімдерді әзірлеу, аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу бизнес-процестерін басқару.
ON7: Жасанды интеллект, машинамен оқыту және нейрондық желілер әдістері мен модельдерін әр түрлі салаларда қолдану.
ON8: Қарапайым математикалық және құралдар арқылы шешім қабылдау әдістерін қолдану, күрделі оптимизациялық тапсырмаларды шешу кезінде алгоритмдердің тиімділігін бағалау.