ОН-1. Микропроцессорлық басқару жүйелерін (МБЖ) құру дағдыларын меңгеру. МБЖ аппараттық және бағдарламалық құралдарын жобалай білу;
ОН-2. Сандық басқару жүйелерінің ерекшеліктерін білу. Өндірістік процестерді автоматтандыру кезінде цифрлық реттегіштерді синтездей білу;
ОН-3. Интеллектуалды басқару жүйелерін бағдарламалық және тұрақтандырушы оңтайлы басқару және синтездеу дағдыларын меңгеру;
ОН-4. Интеллектуалды деректерді талдау, дескриптивті талдау, корреляциялық және регрессиялық талдауларды және т.б. негізгі әдістерін меңгеру;
ОН-5. Ғылыми зерттеу процесінің негізгі кезеңдерін білу. ТРИЗ негіздерін және зерттеу әдістерін меңгеру;
ОН-6. Технологиялық және басқарушы деректерді алу және беру мақсатында ішкі жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін MES-жүйелерді құру дағдыларын меңгеру;
ОН-7. БЖ параметрлерін есептеу дағдыларын, реттегіштерді аналитикалық жобалау процедураларын меңгеру.
ОН-8. Сапалық және сандық көрсеткіштерінің сипаттамаларын ескере отырып, автоматтандыру жүйелерінің сенімділігін диагностикалау және талдау әдістерін меңгеру;
ОН-9. Басқару теориясының негізгі әдістерін меңгеру: ауыспалы құрылымы бар жүйелерді синтездеу, модальды басқару, сәйкестендіру, бейімделу және т. б