ON-1 Ғылым философиясы, жоғары білім педагогикасы, шет тілдеріне және жобаны басқару мен психологиясына негізделген зияткерлік деңгейді жетілдіру және дамыту қабілетін көрсетуі. Өз бетінше жаңа білім мен дағдыларды игеріп, ғылыми дүниетанымын кеңейтуі, көпшілік алдында сөйлеу және топта жұмыс істеуі және тиісті әдістемелік деңгейде оқу, аудиториялық оқытуды жүргізу, магистрлік диссертациялар мен ғылыми жобаларды құрастырып, дайындап алуы.
ON-2 Жаңғыртылатын энергия және оны пайдалынатын объектілердегі қазіргі проблемаларды талдау, жасыл энергияны дамытудың перспективті жолдарын болжау. Мультифакторлы эксперименттер мен массивтерді математикалық өңдеу үшін жоспарлау әдістерін қолдануы. Территорияда жаңғыртылатын энергия көздерінің таралуына аймақтық талдау жүргізуі.
ON-3 Жаңғыртылатын энергия көздерінің потенциалын және ЖЭК объектінің компоненттерінің параметрлерін есептеу мен талдаудың әдістері және жаңғыртылатын энергия көздерін станцияларын кешенді түрде пайдалану мен және энергияны сақтаудың әртүрлі түрлерін қолдану қабілеттілігі.
ON-4 Барлық нормативтік ережелер мен заңдарға сәйкес технологиялық құжаттарды әзірлеуі және құжаттарды дұрыс орындауы. ЖЭК жобаларының тиімділігін және оны әрі қарай іске асыру мен іске асыруды бағалауы . Әлеуметтік-экономикалық даму және экология міндеттерін қамтамасыз ету үшін шешім қабылдай алады..
ON-5 Электрлік көліктің перспективті түрлері және ЖЭК негізінде автономды электрмен жабдықтау жүйелерін қолдану мүмкіндігі туралы білімге ие болуы. Жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандарын бірыңғай энергетикалық жүйеге интеграциялаудан туындайтын экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді зерттеуі.
ON-6 Зерттелетін объектілердің математикалық модельдерін құра білу. Энергожүйеге жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу жобаларын әзірлеу. Интеграция үшін айналдыру жабдықты тиімді қолдана білуі.
ON-7 Жаңғыртылатын энергия көздерінің қондырғыларының заманауи диагностикасы және оқшаулануы саласындағы теориялық және практикалық білімдерін көрсету. Электр энергиясының сапасының және электромагниттік үйлесімділіктің параметрлерін талдай білуі.
ON-8 Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергия жүйелерінде энергия үнемдеу жобаларын жасау. Автономды жаңартылатын энергия көздері қондырғыларында энергия үнемдеудің жаңа технологияларын бейімдеуі. Жаңғыртылатын энергия көздері объектілерінде электр қуатын өндіруді және энергияны оңтайлы басқару үшін электрлік шешімдерді қолдануы. Алдын-алу әдістерін қолданып жаңғыртылатын энергия көздеріндегі электр жабдықтарын оқшаулау жағдайын бағалауы және электр тізбегінің оқшаулауына электромагниттік кедергінің әсерінен қорғауды қарастыруы, электр энергиясының сапасының электромагниттік үйлесімділікке әсерін бақылауы.
ON-9 Электр энергетикасы саласындағы жобаларды басқару және жобалық шешімдердің тиімділігіне техникалық-экономикалық негіздеме жасау дағдыларына ие болу. ЖЭК инвестициялық жобасының тиімділігін бағалау үшін қаржылық-экономикалық есептеулер жасауы..
ON-10 Электр энергетикасының ғылыми-техникалық мәселелерін шешуде заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар, сандық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану. ЖЭК ресурстарын бағалауда ГАЖ технологияларын қолдану және MatLab ортасында электр энергетикалық жүйелердің элементтерін модельдеу дағдыларын меңгеру, заманауи өңдеу әдістерін ғылыми негізде тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу.