RO-01. Гуманитарлық, әлеуметтік және білім беру ғылымдарының теориялары мен әдістерін кәсіби қызметтің түрлі түрлерінде қолдану. Өз-өзін дамытуға және жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға бейімделуге ұмтылу.
RO-02. Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелерді жобалау, автоматтандырылған жүйелерде ақпаратты қорғауды ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру саласында білім мен дағдыларға ие болу. Ақпараттық қауіпсіздік менеджментінде жобаның рөлін түсіну және ақпараттық қауіпсіздік саласында жобаларды басқару әдістерін қолдану.
RO-03. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету. Ақпараттық қорғау жобалық шешімдерін қаржы және ақпараттық жүйелерде іске асыру қабілетін көрсету; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерді қолдану.
RO-04. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғауға арналған ұйымдық және нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша білімге ие болу және техникалық барлау әрекеттеріне қарсы нормативтік құжаттарды қолдану. Ақпаратты қорғау жөніндегі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар мен техникалық барлауға қарсы нормативтік құжаттарды қолдана білу.
RO-05. Ақпараттық жүйе компоненттерінің бағдарламалық, архитектуралық және схемалық шешімдерін талдау, ақпаратты қорғау жүйелеріндегі әлеуетті осал тұстарды анықтау дағдысына ие болу. Криптографиялық алгоритмдердің аппараттық жүзеге асырылу әдістерін талдау қабілетін көрсету, криптографиялық ақпаратты қорғау аппараттық және бағдарламалық құралдарын визуалды жобалау бағдарламаларын пайдалана отырып жобалау және нәтижелерді бақылау және тексеру.
RO-06. Эксперттік деректерді талдауды жоспарлау, ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне мониторинг жүргізу және жауап беру әдістеріне ие болу. Ақпараттық жүйелердің, платформалардың және операциялық процедуралардың ақпараттық қауіпсіздігін аудит жүргізу дағдыларына ие болу.
RO-07. Қауіпсіз клиент-серверлік қосымшаларды, деректер қорын және білім базаларын қорғау әдістері мен технологияларына ие болу, виртуализация және бұлттық қызметтерді тарату құралдарын пайдалану дағдыларын игеру, қосымшалардың, байланыс арналарының және деректерді өңдеудің аппараттық және бағдарламалық құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
RO-08. Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздік деңгейін бағалау. Жеке деректерді қорғау және компьютерлік желілердегі ақпараттық қауіпсіздік үшін заманауи технологиялар мен аппараттық-бағдарламалық құралдардың жүйелі түсінігі мен білімдеріне ие болу. Үлкен деректерді жоғары өнімді өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана білу. Компьютерлік жүйелер мен желілер үшін қауіпсіздік саясатын әзірлеу.
RO-09. Киберқылмыстарды тергеу, ықтимал ақпарат көздерінен деректер алу, дисассемблинг әдістерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әкелетін зиянды бағдарламаларды талдау және анықтау, қорғаныс технологияларын енгізу дағдыларына ие болу. Киберқылмыстарды, бұзушылықтарды және инциденттерді табу және талдау әдістерін меңгеру.
RO-10. Ұйымдардың ІТ-инфрақұрылымына тәуекелдерді бағалау, қауіптерді анықтау және ақпараттық жүйелердегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін анықтау әдістеріне ие болу. Ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздік процестерін реттейтін нормативтік актілермен сәйкестікті тексеру нәтижелерін аудит жүргізу және талдау дағдыларына ие болу.
RO-11. Ақпараттық жүйелерді қорғаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету және интеллектуалды жүйелерде ақпараттық қауіпсіздікті басқару мәселелері бойынша теориялық және әдіснамалық тәсілдерді зерттеу дағдыларына ие болу.
RO-12. Студенттердің академиялық және кәсіби құзыреттерін қамтамасыз ету үшін әдістерді, мазмұнды және құралдарды қолдану, жоғары оқу орындарында психологиялық және педагогикалық принциптерге негізделген білім беру қызметін ұйымдастыру және ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына ие болу.