ОН-1. Қазіргі заманғы компьютерлік және ақпараттық технологияларды, цифрлық техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді электр энергетикасының ғылыми-техникалық міндеттерін шешуде тиімді пайдалана алады. Электр энергетикалық жүйелердің элементтерін модельдеу және Rastr Win, PS CAD және MatLab компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
ОН-2. Ғылым философиясы, жоғары мектеп педагогикасы, шет тілдері және басқару психологиясы негізінде өзінің зияткерлік деңгейін жетілдіруге және дамытуға қабілетті. Өз бетінше жаңа білім мен білік алуға және өзінің ғылыми дүниетанымын кеңейтуге қабілетті.
ОН-3. Энергетикалық жабдықтың қазіргі заманғы диагностикасы мен сынақтары, электр энергиясының сенімділігі мен сапасын арттыру саласындағы, сондай-ақ электр энергетикасындағы электромагниттік үйлесімділік мәселелеріндегі теориялық және практикалық білімді көрсететін болады.
ОН-4. Электр энергетикалық жүйелер мен электр жетегіндегі автоматты басқарудың бірлескен цифрлық жүйелері, жиілігі реттелетін электр жетегін бағдарламалау, диагностикалау және баптау дағдылары, MATLAB Simulink бағдарламалық кешенінде қазіргі заманғы электр жетегіне зерттеу жүргізу қабілеті бойынша білімді меңгеретін болады.
ОН-5. Электр станциялары мен электр желілерінің жұмыс режимдерін және шығындарды азайту тәсілдерін есептеу бойынша білімін көрсете алады. Электр беру желілерінің элементтерін есептеуді жүргізу. Аса кернеуден қорғау, сондай-ақ қазіргі заманғы релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика туралы түсініктің болуы.
ОН-6. Электр энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралдары мен тәсілдерін енгізу, станцияның және электр желілерінің электр жабдықтарын жаңғырту, оларды автоматты басқару және тиімді пайдалану жөніндегі жобаларды басқару дағдыларын көрсетеді.
ОН-7. Энергия ресурстарын үнемдеу және электр энергиясының жаңартылатын көздерін дербес және жүйелік режимдерде енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қабілетті. Жұмыс істеп тұрған энергетикалық объектілерде және экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорындарда энергия үнемдейтін жаңа технологиялар мен энергия жинақтаушыларды бейімдеу.
ОН-8. Энергетикалық кәсіпорындарды ғылыми басқару, электр энергиясы мен қуатын тұтыну болжамын жүргізу, инновациялық қызмет стратегиясының бөлімдерін әзірлеу және іске асыру, жобалық шешімдердің тиімділігіне техникалық-экономикалық талдау, автоматты жобалау жүйесімен жұмыс істеу дағдылары және жобалаудың ғылыми және инженерлік-техникалық есептері кезінде қолданбалы бағдарламаларды пайдалану бойынша білімін көрсетуге қабілетті.
ОН -9. Электр энергетикасы жүйелерінің ғылыми-техникалық проблемаларын, халықаралық желілердегі ғылыми ақпаратты дербес талдай алады, ғылыми эксперименттерді жоспарлайды және жүргізеді, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдейді және ресімдейді.
ОН-10. Оқыту мен ғылыми зерттеулерді, аудиториялық оқу сабақтарын тиісті әдістемелік деңгейде өткізе алады, магистрлік диссертациялар мен ғылыми жобаларды құрастыра және ресімдей алады.