Шақырылған шетелдік ғалымның жұмысы университеттің келесі қызмет түрлеріне қатысуды қамтиды:
-
Дәріс курстарын оқу, ашық дәрістер, практикалық және әдістемелік семинарлар өткізу;
-
Дипломдық жұмыстарды, жобаларды, магистрлік және докторлық диссертацияларды басқару;
-
Университеттің ғылыми, әдістемелік және білім беру іс-шараларына қатысу (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар);
-
Ғылыми жобаларға қатысу.
Шақырылған шетелдік профессорға қойылатын талаптар:
-
Шақыратын университет жүзеге асыратын білім беру бағдарламасының бейіні бойынша ғылыми жарияланымдардың болуы;
-
Кемінде 5 (бес) жылдық оқытушылық тәжірибесінің болуы;
-
Ғылыми-зерттеу жобаларына жетекшілік ету/қатысу;
-
Халықаралық кәсіби және ғылыми қауымдастықтарға мүшелік;
-
Университетте жұмыс мерзіміне арналған жеке жоспар ұсыну.