Бакалавриатқа құжат тапсыру алдында ескеру қажет маңызды жайттар:
1. Мамандық пен бағытты таңдау: Сізге қызықтыратын оқу саласын анықтаңыз.
2. Қабылдау талаптары: қабылдауға қажетті ең шекті баллдарды біліңіз.
3. Құжаттарды дайындау: білім туралы құжат, жеке тұлғаны растаушы құжат, фотосурет, ҰБТ сертификаты, медициналық анықтама қажет.
4. Құжаттарды тапсыру мерзімі: ақылы негізде – 25 тамызға дейін; білім беру грантының конкурсына – 13-20 шілде аралығында; қабылдау – 20 маусымнан 25 тамызға дейін.
5. Қаржылық жоспарлау: оқу ақысының құны – 990 000 тг мен 1 600 000 тг аралығында; тұру, көлік және оқу материалдарына қосымша шығындарды да ескеріңіз.
6. Кеңес алу және көмек: сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, құжаттар тапсыру және басқа да мәселелер бойынша кеңес алу үшін қабылдау комиссиясына жүгініңіз.
7. Құжаттарды тапсырудан кейінгі әрекеттер жоспары: студенттер қатарына қабылдау – 20 маусымнан 25 тамызға дейін.