ON1 Әлем тарихы мен Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін білу және түсіну, философия, мәдениеттану және социология салаларындағы өзекті мәселелерді анықтау, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және үштілділік қағидаттарын ескере отырып рухани және дене дамуын жүзеге асыру.
ON2 Математикалық модельдерді зерттей білу және кәсіби міндеттерді шешуде компьютерлік графика, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау негіздерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен бірге қолдана білу.
ON3 Физика, химия, электротехника мен электроника, тіршілік қауіпсіздігі негізінде табиғи-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және бұл білімді тұрмыста және өндірісте заттар мен материалдарды қауіпсіз пайдалануда қолдана білу.
ON4 Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, еңбек нормалау, азаматтық қорғаныс салаларындағы негізгі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді кәсіби қызметте қолдана білу.
ON5 Техникалық реттеу негіздерін пайдалану арқылы технологиялық үдерістер мен өндірістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы бойынша білімді бақылау және жылу мен электр энергиясын өндірудің технологиялық жабдықтарын терең зерттеу негізінде нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлеу.
ON6 Кәсіпорындағы еңбек қорғау қызметінің жұмысын талдау, ЕҚСЖ (еңбек қауіпсіздігі және сауықтыру жүйесі) құруға, енгізуге және оның тиімділігін қамтамасыз етуге қатысу, өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына аттестациялау арқылы өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы, өндірістік токсикология және радиациялық, химиялық, биологиялық қауіптердің әсерін азайту талаптарын сақтау.
ON7 Өндірістік факторларды жіктей білу және ұжымдық және жеке электр және өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете білу.
ON8 Атмосфералық ауа, су және жер ресурстарының параметрлерін бақылау және мониторинг әдістемелерін таңдау негіздемесін жасай білу, ластану мен қалдықтарды кәдеге жарату техникасы мен технологияларын терең талдау, климаттың өзгеруі және «жасыл» экономика факторларын ескере отырып энергия үнемдеу аспектілерін енгізу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану.
ON9 Қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қоршаған ортаны жақсарту шараларының тиімділігін талдау, экономика нысандарының қоршаған ортаға теріс әсер етуінен туындайтын экономикалық залалды бағалау.
ON10 Кәсіпорын қызметіне психофизиологиялық баға беру арқылы өндірістік жарақаттарды және басқа да денсаулыққа келтірілген зақымдарды объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету, қауіпсіз ойлау психологиясы мен ұжымдағы салауатты моральдық-психологиялық климатты дамыту қажеттілігін түсіну, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына ие болу.
ON11 Қоршаған ортаны қорғау жобаларын әзірлеу және реттеу, ластаушы заттардың, энергия және физикалық әсер көздерінің түгендеуі мен есебін жүргізу, шаң мен газды тазарту аппараттарын таңдау бойынша есептеулер жүргізу, экологиялық қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру.
ON12 Қауіпті өндірістік объектілерде арнайы жабдық пен құрал-саймандарды қолдана отырып авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, өндірістік және экологиялық тәуекелдерді ескере отырып төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша техникалық шешімдер мен әдістерді негіздеу.
ON13 Фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және күрделі байланыстарды білу және түсіну; зерттелетін салада ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу мен академиялық адалдық қағидаларын қолдану.