Energo University

13.03.2022

КТК 2022 бойынша АЭжБУ Ректорының Кубогы

news.title_ru

2022 жылдың 5 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде КТК бойынша Ректор кубогы өтті.

Бұл ойынға өзіміздің университетімізден ғана емес, басқа да алматылық университеттердің құрамалары да  қатысты.  Атап өтетін болсақ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ намысын қорғаған «Алатау SU», Қазақ спорт және туризм академиясы атынан «Олимп», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан «АУЭС» құрамалары өнер көрсеткен болатын. Кеш қонақтары танымал жайдарманшылар мен актерлер болды.  Қазылар алқасында Алматы Жайдарман филиалының директоры, актер, автор   Құлымбет Оңдасын, АТУ құрамасының ойыншысы  Мағжан Нұрғали, Аялдама құрамасының ойыншысы Боранбай Бірлік, университетіміздің Жастар саясаты департаментінің орынбасары  Елікбай Каби және жайдарманшы, блогер, вайнер Есентай Ниязбаев төрелік етті.

Үш күндік редакциялық жұмыстан кейін ойынға 11 команда қатысып, сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Ойын күткеннен жоғары деңгейде өтті, яғни қалалық лига деңгейінде. Жеңімпаз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан келген «АУЭС» құрамасы атанды. Келген қонақтар өз алғыстарын білдіріп, көрермендер тарапынан да оң пікірлер болды. Қазылар алқасының мүшелері, басқа ЖОО командалары және қонақтар ұйымдастырушыларға КТК бойынша Ректор Кубогын өткізгендері үшін алғыс білдірді, сондай-ақ университетте өтетін келесі ойынды қолдауға дайын екендіктерін айтты. 

\"\"\"\"

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар