Energo University

27.10.2021

«Самұрық-Қазына қоры компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер» және «Мансаптағы алғашқы қадамдар» тақырыбында онлайн таныстырылым

news.title_ru

2021 жылғы 29 қазанда сағат 15:00-де АЭжБУ Мансап орталығы мен Samruk Qyzmet «Самұрық-Қазына қоры компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер» және «Мансаптағы алғашқы қадамдар» тақырыбында онлайн таныстырылым өткізеді.

Жас мамандарды қызықтыратын тақырыптарды және толғандыратын сұрақтарды талқылаймыз:

  •  Мансапты неден бастау керек;
  •  Сатылатын түйіндемені қалай дайындау керек;
  • Жұмысты қалай іздеу керек;
  • Сұхбатқа қалай дайындалу керек.

Модератор:

Вагида Салимова, АЭжБУ Мансап орталығының маманы

Спикерлер:

1. Ұржанова Зере, АЭжБУ Мансап орталығының жетекшісі.

2. Тамирлан Оспанов, Samruk Qyzmet жобасының менеджері, Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бітіріп, ҚарМУ Enactus және Enactus Kazakhstan командалары құрамында кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асырумен айналысқан;

3. Эльмира Салимова, Samruk Qyzmet-тің рекрутинг бойынша сарапшысы, Мансап бойынша кеңесші, практик психолог;

Samruk Qyzmet – Қазақстанның ірі ұлттық компаниялары қатысатын Самұрық-Қазына қоры компаниялар тобының рекрутингінің бірыңғай онлайн платформасы.

Сілтеме.

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар