Energo University

28.09.2021

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Қазақстанның тарихи оқиғаларын зерттеу орталығы» ғылыми-зерттеу зертханасы өз жұмысын бастады

news.title_ru

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Қазақстанның тарихи оқиғаларын зерттеу орталығы» ғылыми-зерттеу зертханасы өз жұмысын бастады.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссия аясында әлеуметтік пәндер кафедрасының бастамасымен зертхана ашылды. Зертхананың жетекшісі саяси ғылымдар докторы, Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры А.Т. Мухамбедьярова. Ғылыми-зерттеу зертханасының қатысушылары: Болат Жоламанұлы Кабдушев т.ғ.к., доцент, Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі; Алмажан Джусуповна Утегалиева т.ғ.к., Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті.

Зертхана қызметінің негізгі бағыты – ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының санаттарын анықтау және архив материалдары бойынша деректер базасын құру.

Осылайша, қазіргі Қазақстан тарихының аса маңызды дереккөздері – архив материалдары, оның ішінде бұрын тарихшы ғалымдар үшін қолжетімсіз болған құпия материалдар негізінде төлнұсқа тарих қалпына келтіріледі.

Жалғасы

 

Саяси ғылымдарының докторы,

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры

Алтынай Мухамбедьярова

Тарих ғылымдарының кандидаты,

Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті

Алмажан Утегалиева

\"\"\"\"

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар