Energo University

19.08.2021

МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

news.title_ru

МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2021-2022 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Комиссия құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттерінің Альянсы және «Отандастар» қорының өкілдері болды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінді. «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Математика мұғалімдерін даярлау» және «Құқық» бағыттары сұранысқа ие болды.

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жоо-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.

Грант иегерлерінің тізімі

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар