Energo University

03.08.2021

Естен кетпес Ыстықкөл...

news.title_ru

 

27 шілдеде қалыптасқан дәстүр бойынша АЭжБУ-дың халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ең белсенді студенттері, сондай-ақ ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар балалар Ыстықкөлдің күншуақ жағалауына 4 күнге қызықты сапарға аттанды. ҚазҰУ базасындағы Бостери мен СОК жастарды жағымды ауа-райымен қарсы алды. Сапар барысында студенттер күнге қыздырынып және суға шомылып қана қоймай, bumperball, қызыл ту, жағажай волейболы және футбол сияқты қызықты белсенді ойындар ойнады, психологиялық тренингтерден өтті, сондай-ақ командалық рухты біріктіру үшін жұптық және топтық жаттығуларды орындады.

Әрине, коронавирустық пандемия өз өзгерістерін енгізбей қоймады. Барлық қатысушылар вакцинациядан өтті, ал жалпы жиындар кезінде барлығы бетперде тақты. Күн сайын демалушылардың дене қызуы өлшенді, сондай-ақ үй-жайларда үнемі дезинфекция жүргізілді, ауа рециркуляторлардың көмегімен зарарсыздандырылды. Биылғы сапарға 40-тан астам білім алушы қатысты.

Жастар қозғалысын дамытқаны, дәстүрлерді сақтағаны және берілген мүмкіндікті қолдағаны үшін студенттер университет әкімшілігіне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар