Energo University

24.06.2021

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ IAAR-дағы аккредиттеуден кейінгі мониторингті аяқтады

news.title_ru

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ барлық деңгейдегі 23 білім беру бағдарламалары аккредиттеуден кейінгі мониторингті сәтті аяқтады. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) оқытудың мазмұнындағы, нысандары мен әдістеріндегі оң өзгерістерді, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуды атап өтті.

Мониторинг нәтижелері ЖОО-ның сапаны басқару жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулердің рөлін арттыру, «ЖОО – жұмыс беруші» әлеуметтік әріптестігін дамыту, ғылыми зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, оқуда студентке бағдарланған тәсілді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдағанын куәландырады.

Университеттің білім беру қызметінің халықаралық сапа стандарттарына бейілділігі, инновациялық білім беру технологияларын белсенді енгізу Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың әлемдік және ұлттық университеттер рейтингтерінде жетекші орын алуына мүмкіндік береді.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар