Energo University

17.05.2021

2021 жылғы cтуденттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

news.title_ru

2021 жылдың 17 мамырында 2020-2021 оқу жылындағы IT бағыттар бойынша Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындысы шықты.

АЭжБУ білім алушылары келесі білім беру бағдарламалары бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:

7М06102 бойынша 1-орын - "Ақпараттық жүйелер", магистратура - В. Рудаков "Компьютерлік модельдеу әдісімен оқыту жүйесіне арналған модельдер мен алгоритмдерді әзірлеу", МВТн-20-1 тобы, ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент  Б.Б.Тусупова

5В070400-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" бойынша 2-орын, бакалавриат - А.Е.Омар, Б.А.Жұмаш, С.С.Ковалев, С.А.Молдабаев, "Qaz ASR" тақырыбы бойынша ВТ-18-4 тобы, ғылыми жетекшісі - доцент Г.Д.Мусапирова.

5B060200 бойынша 3-орын – "Информатика", бакалавриат - Ислам Саламатов, "PYTTSX3 сөйлеу синтезі" тақырыбында ВТ-18-4 тобы, ғылыми жетекшісі - аға оқытушы  Г.Т.Мусатаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын біздің студент 6В06104–"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" бойынша бакалавриаттың СИБу 19-9 тобы студенті А.Ныгымет 1-орын алған болатын. "Ақпараттық қауіпсіздікте бет-әлпетті тану технологияларын қолдану" тақырыбында, ғылыми жетекшісі PhD А.К.Мукашева

Биылғы жылы СҒЗЖ-2021 конкурсына барлығы 47 жұмыс келіп түсті, оның ішінде 22 магистрант жұмысы және 25 бакалавриат студенттері.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға сәттілік пен лайықты жеңістер тілейміз!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар