09.03.2021

«Жылу энергетика және басқару жүйелері институты» «АлЭС» АҚ серіктесімен бірлесіп, 2021 жылғы 11 наурызда сағат 14.00-де А102 дәрісханасында санитариялық-профилактикалық нормаларды сақтай отырып, «АЭжБУ» КеАҚ білім алушыларымен кездесу ұйымдастырады

«Жылу энергетика және басқару жүйелері институты» «АлЭС» АҚ серіктесімен бірлесіп, 2021 жылғы 11 наурызда сағат 14.00-де А102 дәрісханасында санитариялық-профилактикалық нормаларды сақтай отырып, «АЭжБУ» КеАҚ білім алушыларымен кездесу ұйымдастырады.

Іс-шараға «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы                           Д.Т. Шайжанова, «АлЭС» АҚ баспасөз хатшысы А.Х. Курганбаева қатысады.

Кездесудің мақсаты:

– білім алушыларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін «АлЭС» АҚ қызметімен таныстыру;

– «Самұрық-Энерго» жобалары туралы ақпаратты жұртшылықтың кең ауқымына жеткізу және студенттерді оларға қатысуға тарту.

Күн тәртібі:

1. Энергетикадағы гендерлік теңдік бойынша Самұрық-Энерго және ЕҚДБ жобасы туралы.

Баяндамашы – «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы                   Д.Т. Шайжанова

2. «АлЭС» АҚ туралы ақпарат: Компанияның миссиясы, ұйымдық құрылымы, кадр саясаты, жұмысқа орналастыру, Ұжымдық шарт, қоғамдық өмір.

Баяндамашы – «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы                       Д.Т. Шайжанова

3. «АлЭС» АҚ-да қосарлы оқыту элементтерімен практикадан өту. Баяндамашы – «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы          Ж.А. Сабикенова

4. «АлЭС» АҚ ұжымы және қызметкерлері туралы.

Баяндамашы – «АлЭС» АҚ баспасөз хатшысы А.Х. Курганбаева

Барлық ниет білдірушілерді кездесуге шақырамыз!

ЖЭБЖИ шақыртуы

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар