26 қаңтарда сағат 16: 00-де «Жылу энергетика және басқару жүйелері» институты Google Meet платформасында (meet.google.com/ahh-wuam-gqb) өндірістік сектор өкілі Оразбек Нұржанұлы Сәдумен онлайн кездесу ұйымдастырады. Оразбек Нұржанұлы мұнай-газ секторы саласындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жобалары бойынша консультациялық қызметтер саласындағы маман болып табылады. Кездесуде Оразбек Нұржанұлы энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсету саласындағы құнды практикалық тәжірибесімен, ҚМЖ жүргізу ерекшеліктерімен, өндірістік және энергетикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен және жөндеу жүргізумен бөліседі, осы салада жұмысқа орналасудың қандай болашағы бар екендігі және ие болуы қажет қасиеттер мен білімдер туралы әңгімелейді.
Өту орны: Google Meet meet.google.com/ahh-wuam-gqb
Өту күні мен уақыты: 2021 жылғы 26 қаңтар 16:00 – 17:00
Қосымша ақпарат үшін байланыс: 87075955251, iteitt@aues.kz
Сілтемені көшіру