Energo University

Оқиғалар 14.05.2025

Huawei Campus Recruitment 2025 Energo University-де!

Energo University қабырғасында маңызды мансаптық іс-шара – Huawei Campus Recruitment 2025 өтті. Шараны Мансап орталығы мен Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның спикері  Huawei компаниясының Қаржы секторы жөніндегі жұмыс департаментінің директоры Владислав Ваицман болды. Ол студенттерге компаниядағы мансаптық мүмкіндіктер, цифрлық индустриядағы трендтер туралы айтып, халықаралық технологиялық ортада кәсіби жолды қалай құруға болатыны туралы құнды кеңестер берді.

Қатысушылар іріктеу процесі, тағылымдамалар және Huawei компаниясының корпоративтік мәдениеті туралы мәлімет алып, компания өкіліне тікелей сұрақтар қоя алды.

Huawei цифрлық болашаққа жол ашады, ал Energo University студенттердің осы жолда сенімді қадам жасауына көмектеседі!

 

Оқиғалар

Тәжірибе

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар