Бүгін АЭжБУ оқытушыларына арналған Біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған жасанды интеллект курсының тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді.
Курс оқытушысы біздің университеттің IT-инженерия кафедрасының профессор-практигі Азамат Калпебаев болды.
Бұл курстың мақсаты – білім беру процесін жақсарту және оқыту сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға үйрету болды. Тыңдаушылар жасанды интеллект негіздерімен және тұжырымдамаларымен танысты, білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану дағдыларын дамытты, сондай-ақ өздерінің цифрлық сауаттылық деңгейін арттырды.
Курста барлығы АЭжБУ-дың 30-ға жуық оқытушысы оқыды, оларға салтанатты түрде Біліктілікті арттыру орталығының басшысы Еркебулан Хасенов және автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко курсты аяқтау туралы сертификаттар табыстады.
Университет оқытушыларының, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналының басқа да қызметкерлерінің көптеген өтініштері бойынша бұл курс қайта ұйымдастырылады.
Сайттағы жаңалықтарды қадағалаңыз: https://cpk.aues.kz/kk/
Оқиғалар
Жасанды интеллект
Сілтемені көшіру