5-маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университетінің «Инженериядағы экология және менеджмент» кафедрасы университеттің 4 курс студенттеріне арнап «Samal Water» өндірістік кәсіпорнына экскурсия жүргізді.
Экскурсияның мақсаты – болашақ мамандарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы нақты өндірістік тәжірибелермен таныстыру.
Студенттер су сапасын бақылау, тазарту жүйелері және қоршаған ортаға әсерді азайтуга бағытталған технологиялармен танысты. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндірістік процесті тікелей көріп, кәсіпорынның экологиялық жауапкершілік деңгейін бағалады.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық ойлау қабілетін дамытып, тәжірибелік білімін арттыруға ықпал етеді. Экскурсия барысында алынған білім студенттердің болашақ кәсіби қызметінде экологиялық қағидаттарды қолдануға көмектеседі деп сенеміз.
Оқиғалар
Экология
Сілтемені көшіру