14 маусымда Алматыда Dala EDGE (Креативті индустриялар паркі) алаңында Қазақстанның түкпір-түкпірінен өршіл, батыл және мақсатты жоғары сынып оқушыларын біріктірген ең ірі мектеп кейс — чемпионаты-My Extra Case Competition гранд-финалы өтті.
Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Орал, Атырау, Семей және Щучинск қалаларынан келген 9 үздік команда көп кезеңді іріктеуден өтіп, бірнеше ай бойы дайындалып, командалық жұмыс пен нақты шешімдер жасау арқылы өз жобаларын сарапшыларға ұсынды. Олар 1 000 000 теңге көлеміндегі басты жүлде қорын жеңіп алу үшін өзара бақ сынады.
Финал жеңімпаздары:
TIFOSI —Атырау қ.
Paco Rabanne — Қызылорда қ.
Lendrick Kamafeso —Алматы қ.
Финалист командалардың әрқайсысы Energо University-де толық оқуға грант алды, осылайша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірінде өз дамуын жалғастыруға бірегей мүмкіндік алды. Бұл жай ғана марапат емес — бұл болашаққа инвестиция.
My Extra Case Competition бірегейлігі — тәсілінің тереңдігінде: қатысушылар бизнес, қоғам және қаржы салаларындағы нақты сын-қатерлерге негізделген кейстерді шешіп, өз идеяларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырып, нағыз жас кәсіпқой мамандардың деңгейін көрсетті.
Чемпионат My Extra Lab командасы мен COSMOS NPIO қорының күш — жігерінің нәтижесі болды, оның міндеті мектеп оқушыларының болашақ дағдыларын дамыту: кәсіпкерлік, сыни ойлау, командалық жұмыс және көшбасшылық.
Жобаны қолдағандар:
— Urban School — Business Based Learning бас демеушісі және жылжыту бойынша серіктесі
— Energo University, Dala EDGE Креативті индустриялар паркі, NYFA Kazakhstan, Paradigm Shift, Perspective Elementary Schools, CodiPlay — мектептегі білім беруді уақыттың нақты сын-қатерлерімен байланыстыруға көмектесетін серіктестер.
My Extra Case Competition финалы жобаның аяқталуы ғана емес, көшбасшылар мен өзгерістер жасаушылардың жаңа буыны үшін қуатты старт алаңы болды.
Біз әрбір қатысушымызбен мақтанамыз. Сіздер енді жай ғана мектеп оқушылары емессіздер — ертеңгі күнді нық әрі сенімді түрде құрып жатқан жас кәсіпқой мамандарсыздар.
Оқиғалар
Сайыс
Сілтемені көшіру