Қазақстанның жетекші аспап жасау кәсіпорны — Saiman корпорациясы және Energo University автоматтандыру және басқару кафедрасы базасында жаңа зертхананы ашу туралы келісімге келді.
Университет түлектері, корпорация басшысының орынбасарлары өздерінің Университетіне келіп, ректор Ғани Нығыметовпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа қадамдарды талқылады.
Кездесу барысында университет қабырғасында Saiman корпорациясының технологиялары мен шешімдерімен жабдықталған зертхана ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл білім беру үдерісінің сапалы қамтамасыз етілуінде маңызды қадам болмақ.
Тараптар сондай-ақ практикалық нәтижеге бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты.
Оқиғалар
Байланыс
Сілтемені көшіру