2025 жылғы 26 маусымда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (Energo University) ректоры Ғани Нығыметов Қарағандыда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысына қатысты.
Отырыс жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғамның өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі мемлекеттік сыңайлы компаниялардың басшылары қатысты.
Мемлекеттік сатып алудан бастап жер телімдерін бөлуге дейінгі негізгі салалардағы жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша нақты шаралар талқыланды. Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету және осы саладағы волонтерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқиғалар
Сілтемені көшіру