Energo University

Оқиғалар 04.07.2025

Graduation-2025: Energo University-дің 1400-ден астам түлегі диплом алды

2025 жылдың 3 шілдесінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) дипломдарды табыстау салтанатты рәсімі өтті.

 

Биыл университетті 1400 — ден астам жас маман бітірді, оның ішінде инженерия, ақпараттық технологиялар және энергетиканың негізгі бағыттары бойынша тереңдетілген дайындықтан өткен 73 магистрант бар.

 

Түлектерге, олардың ата-аналарына және оқытушыларына АЭжБУ ректоры Ғ.С. Нығыметов тілек сөз сөйледі. 

Сондай-ақ, салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.Б. Жүсіп қатысып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтің университеттің 50 жылдығына арналған ресми құттықтау хатын оқып берді.

 

2025 жылғы түлектер арасында үздік диплом иегерлері, халықаралық хакатондардың, студенттік олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ индустриялық әріптестермен бірлесіп іске асырылған ғылыми-зерттеу және технологиялық жобалардың қатысушылары бар. 

Олардың көпшілігі Қазақстанның және шетелдің жетекші компанияларына жұмысқа шақырулар алды.

 

Energо University ұжымы түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтайды. Алынған білім, дағдылар мен тәжірибе кәсіби және жеке өсудің берік негізі болады. Әрқайсыңыздың алдарыңыздан жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашылуда — алға нық қадам басыңыздар, әлемді жақсы жаққа өзгертіңіздер және университетіңізді ұмытпаңыздар.

 

Energo University әрқашан сіздер үшін ашық!

Оқиғалар

Студенттік өмір

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар