Energo University

Оқиғалар 04.08.2025

Huanghe Jiaotong University (ҚХР) делегациясы Energo University-де

2025 жылғы 4 тамызда Energo University-де Huanghe Jiaotong University (ҚХР) делегациясымен және Global Learning Educational Network компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Келіссөздер орталығында - академиялық әріптестікті дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту. 

 

Қытай тарапынан қатысқандар: 

- Hu Shixiong мырза, Huanghe Jiaotong University президенті,

- Niu Junwang мырза, президенттің көмекшісі,

- Du Shaojie мырза, мехатроника және электр техника факультетінің деканы.

 

Сондай-ақ келіссөздерге Global Learning Educational Network бас директоры Qiao Hongbo мырза қатысты. 

 

Кездесуге Energo University тарапынан қатысқандар: 

- ректор Ғани Нығыметов,

- Академиялық қызмет жөніндегі проректор Айбек Жупанхан, 

- Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Ернар Әмитов, 

- Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сабина Манапова. 

 

Huanghe Jiaotong University - 1995 жылы Қытайдың Хэнань провинциясында құрылған қарқынды дамып келе жатқан техникалық университет. Университет көлік, машина жасау, ақпараттық технологиялар және қолданбалы инженерлік ғылымдар саласында мамандандырылған. Оқу орны Азия және әлемнің басқа өңірлерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. 

 

Кездесу барысында тараптар академиялық алмасу бағдарламаларын, тағылымдамаларды, бірлескен зерттеу жобаларын, әсіресе жасыл энергетика, тұрақты инфрақұрылым және заманауи инженерлік шешімдер салаларында іске қосуға өзара қызығушылық танытты.

Оқиғалар

Халықаралық ынтымақтастық

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар