Energo University

Profile Picture

Ректор

2024

Ғани Сақтағанұлы Нығыметов

Университет Басшылығы
Profile Picture

2024 жылдың мамырынан бастап «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тоғызыншы, қазіргі ректоры. 

Қазақстанның қоғам және саяси қайраткері, халықаралық қатынастар жөніндегі маман, мемлекеттік басқару магистрі (MPA), іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA). Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде және Сингапур ұлттық университетінде басшыларға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 

Еңбек жолы

Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымгер болып бастаған.

2007-2009 жылдары – ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері.

2010-2013 жылдары – Назарбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығының бас директорының орынбасары.

2013-2016 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.

2016-2018 жылдары – «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры.

2018 жылдан 2020 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2020-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2022 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.