Energo University

29.05.2024

Energo University командасы – Alma CUP-2024 мини-футбол чемпиондары

news.title_ru

Energo University (Гумарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) студенттік футзал командасы жаттықтырушы Николай Бочарниковтың жетекшілігімен Alma CUP қалалық студенттік лигасының чемпионы атанды.

Сайысқа Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінен 20-дан астам команда қатысты. Финалда біздің футболшылар ең мықты команда SDU-мен кездесіп, тартысты күресте 4:3 есебімен жеңіске жетті. Турнирдің үздік ойыншысы болып та біздің команда мүшесі – Алмас Иманбеков танылды.

Бұл жеңіс университет командасының шеберлігінің өскенін көрсетеді. Өткен жылы Energo University футболшылары Alma CUP чемпионатына қатысып, екінші орынды иеленген болатын. Ал 2023 жылдың соңында олар студенттік командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Alma CUP-2024-тегі жеңіс осы жетістіктердің заңды жалғасы болып, футболшылар мен жаттықтырушының табанды еңбегінің дәлелі болды. Алда – жаңа амбициялық мақсаттар мен жеңістер бар. Жарайсыңдар!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар