Energo University

21.02.2024

Бұл маңызды! 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласында жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі

news.title_ru

Құрметті Energo University-дің студенттері және қызметкерлері! Осы іс-шараның маңыздылығына назарларыңызды аударамыз. Баршадан сейсмикалық жаттығуларға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Біз сейсмикалық белсенді аймақта өмір сүріп жатырмыз және мүмкін болатын төтенше жағдай кезінде әрқайсымыздың, жақындарымыздың өмірі біздің дайындық деңгейімізге байланысты болуы мүмкін. 

Сиренаның дыбысын естігеннен кейін, бөлмеден мүмкіндігінше тез шығып, университеттің футбол алаңына шығуға тырысыңыз. Бұны істегенде сабырлы болыңыз және сығылыспаңыз.

Ғимараттан шыққан кезде негізгі қақпаларды ғана емес, сонымен қатар эвакуациялық қақпаларды да пайдаланыңыз. Сіз олардың орналасқан жерін университет ғимараттарының әр қабатындағы баспалдақтардың жанындағы ақпараттық тақталардан алдын-ала біле аласыз.

Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің қолыңызда!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар