Energo University

12.02.2024

Energo University-Қазақстанның жоғары оқу орындары рейтингінің жоғарғы қатарында

news.title_ru

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді. 2023 жылғы осы бағалау нәтижелері бойынша Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қазақстанның жеке жоғары оқу орындары рейтингінде екінші орынды иеленді.

Сарапшылар еліміздің 95 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларын 19 критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде-жұмысқа орналасу, демек, ЖОО түлектерінің еңбек нарығында сұранысы, олардың орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы, профессорлық-оқытушылық құрам деңгейі, студенттердің жетістіктері және т. б.

Бұл ретте Energo University-дің «Электр энергетика» білім беру бағдарламасы жоғары бағаға ие болып, жалпы рейтингте бірінші орынға ие болды. Көшбасшылардың бестігінде біздің университеттің келесі білім беру бағдарламалары бар:

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Автоматтандыру және басқару

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар