Energo University

12.12.2023

Energo University психологтары студенттер үшін қазіргі әлемдегі зорлық-зомбылық мәселелері тақырыбында семинар ұйымдастырылды

news.title_ru

6-желтоқсанда Energo University психологиялық қызметі студенттерге тақырыптық семинар ұйымдастырды. Шақырылған спикерлер: "SOS Алматы Балалар ауылы" ЖББМ әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі директордың орынбасары - Татьяна Мишина, «Дағдарыс Орталығы одағының» БЗТ психологы - Сабина Кенжина және «Жан-Сая» дағдарыс орталығының психологы - Маржан Изтлеуова  өткір мәселелерді қозғады:

  • Зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері. Оның алдын алу жолдары;
  • Абьюзивті қарым-қатынасты ерте кезеңде қалай тануға болады;
  • Әлеуеттік басқыншылардың сипаттамалары.

Қатысушылар үлкен қызығушылық пен белсенділікті танытты. Ашық, сондай-ақ жасырын түрде QR арқылы сарапшыларға зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, оларға толық жауаптарды алды.

Мамандар студенттерге пайдалы ұсыныстарды беріп, сонымен қатар қатыгездікке немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметтердің байланыс нөмірлерімен бөлісті.

ҚР-дағы құқықтарды қорғау жөніндегі уәкілетті ұйымдар:

— Қорғаншылық және қамқоршылық органы

— Білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті

— Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны 150

— Сенім телефоны 111

— Полиция 02 телефоны бойынша немесе бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет телефонына-112

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар