Energo University

16.02.2023

Студенттердің «ТермотехникАзия» компаниясының өкілімен кездесуі

news.title_ru

2023 жылғы 17 ақпанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің акт залында «Менеджмент және инженериядағы кәсіпкерлік», «Энергоаудит және энергоменеджмент», «Жылу энергетикасы» дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттердің «ТермотехникАзия» компаниясының өкілімен кездесуі өтті.

Кәсіпорын су жылыту және бу қазандықтарын, қазандық жабдықтарын және қазандықтар мен ЖЭО үшін қосалқы бөлшектерді өндірумен айналысады. 

Дәріс барысында балаларға бу және су жылыту қазандықтарының жіктелуі мен құрылысы, оларды пайдалану кезіндегі талаптар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын материалдар, арматура мен аспаптар туралы айтылды.

Дәріс соңында студенттер жұмысқа орналасу мәселелерін талқылап, жеке кеңес алды.

Студенттердің тікелей жұмыс берушілермен кездесулері білім алушыларға болашақ мамандықтары туралы толық ақпарат алуға және жұмыс туралы ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар