Әсел Көптілеуқызы Мұқашеваны «Cyberlab Cybersecurity Lab» жобасын іске асыру үшін Қазақстандағы АҚШ Елшілігінен 24000 доллар сомасындағы грантты иеленуімен құттықтаймыз!
Жұмысты Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушы-профессорлық құрамы Цинциннати университетіндегі (АҚШ) әріптестерімен бірлесіп 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың ақпанына дейін жүргізеді.
Ұсынылған идея ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, IT және/немесе STEM-мен байланысты басқа салаларда оқу бағдарламаларын әзірлеу, зерттеу және әлеуетті арттыру саласында тұрақты халықаралық ынтымақтастықты құру үшін АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік бағдарламасының мақсаттарына сәйкес таңдалды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жемісті ынтымақтастық тілейміз!
Сілтемені көшіру