Energo University

16.11.2022

Scopus Award сыйлығы лауреаты техника ғылымдарының докторы, «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті Ляззат Рысханқызы Жүнісова болды

15 қарашада Астана қаласында Scopus Award Kazakhstan – 2022 салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда Қазақстанның зерттеушілері мен жас ғалымдары арасында 19 жеңімпаз жарияланды. Scopus Award сыйлығы лауреаттарының бірі техника ғылымдарының докторы, «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті Ляззат Рысханқызы Жүнісова болды. Бүгінгі таңда Ляззат Рысханқызы Scopus ДБ индекстелген пайыздық көрсеткіші жоғары журналдарда жарияланған 22 мақаланың авторы болып табылады, олар 32 жұмыста 82 рет келтірілген, Хирш индексі = 5 құрайды.

Scopus Award - беделді әлемдік ғылыми сыйлық. Elsevier компаниясының жаһандық бастамасы ғалымдарды белсенді ғылыми қызметі, Ұлттық ғылымды дамытқаны үшін көтермелеуге бағытталған және жарияланған ғылыми мақалалар санымен, олардың субъективті бағалауды болдырмайтын халықаралық деңгейдегі журналдардағы дәйексөздерімен өлшенеді

Ляззат Рысханқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар