Energo University

29.09.2022

Мұғалімдер күніне арналған «Департамент күні – 2022»

news.title_ru

«Мұғалімдер күні» мерекесіне орай Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасы «Department day – 2022» аясында салтанатты зияткерлік-ойын-сауық іс-шарасын өткізді.

АЭжБУ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Сергей Коньшин құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады және киберқауіпсіздік курсынан өткен "АЖжК" кафедрасының үздік студенттеріне Cisco сертификаттарын табыстады.

Көрермендер осы іс-шараға арнайы дайындалған «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының қызметі туралы бейне фильмді көрді.

Негізгі қонақтар - спикерлер Анатолий Пудель, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің киберқауіпсіздік басқармасы агенттігінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы және «КШТТО» жетекші маманы, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша АЭжБУ түлегі Рендос Нұрекен болды.

Салтанатты бөлімнің бағдарламасын фотосессия мен дискотека аяқтады.

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар