Energo University

19.09.2022

Жатақханалардағы студенттік кеңестің жаңа құрамы

news.title_ru

Алматы университетінде Студенттік өзін-өзі басқаруды Ғ.Ж. Дәукеев атындағы АЭжБУ Студенттерінің кәсіподақ комитеті жүзеге асырады және студенттердің барлық мүдделерін қамтиды, олардың құқықтарын қорғайды.

АЭжБУ студенттерінің кәсіподақ комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі университет жатақханаларындағы Студенттер кеңесі болып табылады. Студенттік кеңес жатақханалардағы студенттік өзін-өзі басқарудың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2022 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында жатақханаларда тұратын білім алушылар арасында Студенттік кеңестерді сайлау өтті.

Студенттік кеңестің сайлауы «Студенттік Кеңес туралы» ережеге сәйкес өтті.

Кездесуге Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Әли Нұржан, Тәрбие жұмысы бөлімінің аға кураторы Алмаз Қалила, Студенттер кәсіподағы комитетінің төрағасы Айдын Темірбеков, жатақханалардағы тәрбие жұмысы жөніндегі кураторлар, сонымен қатар жатақханада тұратындардың басым көпшілігі қатысты.

Кездесуде жатақханада тұру ережелері, студенттік кеңестің құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Барлық қажетті рәсімдерден кейін жатақханалардағы студенттік кеңестердің жаңа құрамы және олардың жетекшілері таңдалды.

1- жатақхана төрағасы болып ПСК-20-2 тобының студенті Аружан Мақсұт Аружан сайланды.

2- жатақхананың төрағасы болып Ээк-20–7 тобының студенті Жардем Расул, төрағаның орынбасары болып Ээк - 20-6 тобының студенті Берікбол Досымжан сайланды.

3- жатақхананың төрағасы болып К–20-10 АУ тобының студенті Мирас Ембергенов сайланды.

Сондай-ақ, сайлау аяқталғаннан кейін әр команда өз алдына міндеттер қойып, жатақханаларда тәртіпті сақтау бойынша жоспарларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Жаңа командаларды құттықтаймыз және бастамаларына сәттілік тілейміз.

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар