Energo University

18.08.2022

Бағдар апталығы

Құрметті бірінші курс студенттері!

Сіздерді өмірдің жаңа белесіне қадам басуларыңызбен құттықтаймын! Енді сіздер ресми түрде еліміздің жетекші техникалық университетінің студенті атандыңыздар!

Алда сіздерді жаңа білім мен әсерлі танысулар, қызықты оқиғалар мен ұмытылмас әсерлер әлеміне үлкен саяхат күтеді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жаңа дос тауып, болашақты бірге құратындарыңыз сөзсіз.

Әрі қарай не болмақ? Оқу қашан басталады? Онлайн оқыту қалай өтеді? Санада сайраған сан сұраққа жауап беру үшін, АЭжБУ сіздер үшін арнайы 22-31 тамыз аралығында «Бағдар апталығы» атты біріктірілген бірқатар таныстыру іс-шараларын өткізеді.

Осы іс-шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін, күнделікті біздің жаңалықтарымызды бақылаңыздар.

Бағдар апталығы – бірінші курс студенттерінің өміріндегі маңызды оқиға! Жыл сайын академиялық күнтізбеге сәйкес бағдар беру апталығы бірінші оқу жылындағы студенттерге университеттің алғашқы күндерінен бастап сәтті академиялық қызметке барынша көмектесу және дайындау үшін өткізіледі.

Әрқайсысыңыз қажетті білім алып, өз ісінің маманы атанып, АЭжБУ студенті деген атақты мақтанышпен алып жүретіндеріңізге сенеміз!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар