Energo University

12.07.2022

2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады

news.title_ru

2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!

Құжаттарды қабылдау ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯЛАРЫ арқылы жүзеге асырылады.

Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:

-жеке куәлік;

-ҰБТ сертификаты;

-3х4 көлеміндегі фото;

-орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);

-№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

-ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;

-жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // 2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 13 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛЫП, 20 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ//Автор: TESTCENTER.KZ - 2022-13 шілде

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар