Energo University

12.06.2022

ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Соңғы үш жылда елімізде белгілі бір коммерциялық әлеуеті бар перспективалық әзірлемелер пулы басталды.

Отандық ғылыми әзірлемелер негізінде үздік инновациялық тауарлар мен қызметтер мемелкеттік қолдауға ие болады, коммерцияландырылады және экспортқа ілгерілетіледі. Ғалымдар өз ұсыныстарын іске асыруға 300 млн теңгеге дейін қаражат ала алады.

Жобалар экономиканың "Денсаулық сақтау", "Сапалы білім беру", "Цифрландыру", "Геологиялық барлау", "Энергетикалық кешенді жаңғырту", "Өңдеу өнеркәсібі", "Мұнай-газ химиясы саласы", "Экология", "Агроөнеркәсіптік кешен", "Металлургия", "Металл өңдеу", "Туризм" және тағы басқалар сияқты секторларды қамтуы мүмкін.

Өткізілетін байқауда айқындылық пен ашықтыққа бағытталған жаңалықтар пайда болды. Жобаларды қаржыландыруға коммерцияландыру бойынша арнайы құрылған Ұлттық кеңестің өкілдері іріктейтін болады. Оның құрамына жетекші ғалымдар, венчурлық бизнестің, салалық индустриялардың өкілдері, инновациялар саласындағы сарапшылар кіреді. Кеңес ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін болады.

Конкурс талаптары бойынша жоба үш жыл ішінде аяқталып, сатылымға шығуы керек, ал қоса қаржыландыру грант сомасынан кемі 20% құрауы тиіс. Конкурсқа бес адамға дейінгі командалар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 6 маусымда басталып, 2022 жылғы 5 шілдеде аяқталады. Өтінімдерді «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады –www.is.ncste.kz.дет.

Қажетті құжаттар тізімі ҚР БҒМ Ғылым комитеті (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition), «Ғылым қоры» АҚ (ww.science-fund.kz) сайтында орналастырылған. 

GOV.KZ материалы бойынша //ҚАЗАҚСТАНДА КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ // Автор: GOV.KZ- 2022 - 6 маусым 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар