Energo University

05.05.2022

Жансая Серікқызы Дүйсенбек пен Самал Бекболатқызы Садықованы 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

8D071 Инженерия және инженерлік іс (Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы) және 8D061 Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) дайындық бағыттары бойынша доктор, философия докторы (РhD) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша «Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ жанындағы Диссертациялық кеңес Жансая Серікқызы Дүйсенбек пен Самал Бекболатқызы Садықованы 6D071700  – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуларымен шын жүректен құттықтайды. «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 сәуірдегі №176 бұйрығы.

Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шыдамдылық, жігер және жас ғалымға аса қажет шығармашылық табыс тілейміз! Сіздердің ғылыми зерттеулеріңіз қоғамға және біздің ұжымымызға үлкен пайда әкелетініне сенеміз!!!

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар