Energo University

02.05.2022

4 жоба Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дан гранттық қаржыландыруға ие болды

25-27 сәуірде «Sustainability Living Lab: Outreach» бағдарламасы шеңберінде «Шеврон» және Назарбаев Университетінің «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры қаржыландыратын ғылыми жобалар конкурсы өтті. АЭжБУ - дан 9 өтінім келіп түсті, конкурсқа 8 жоба жіберілді. Конкурс нәтижесінде  қазылар алқасының шешімімен АЭжБУ-дың 4 жобасы іріктелді, олардың әрқайсысы өз жобаларын іске асыру үшін 800 000 теңге мөлшерінде грант алады.

Конкурстың ұйымдастырушысы - Назарбаев Университеті.

Конкурс жеңімпаздары :

1.Ахметқалиев Рысқали. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ғарыштық инженерия» кафедрасының доценті, Жобасы  –  «Пластикалық қалдықтарды кәдеге жарату және практикада қолдану»

2. Санат Төлендіұлы, «Ғарыштық инженерия» кафедрасының меңгерушісі,

Мейманкожаев Жанарыс. Жобасы – «SMART WARDROBE».

3. Мукашева Асель-  «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі. Жобасы – «Smart пластикоматтар».

4. Сагындықова Шолпан «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының доценті. Жобасы  – «Цифрландыру негізінде кампустардың энергия тиімділігін арттыру».

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар