Energo University

16.03.2022

АЭжБУ құрама командасы үстел теннисі бойынша қалалық жарыстарға лайықты қатысты

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ құрама командасы Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында үстел теннисінен студенттік спорт лигасының жеке-командалық аймақтық кезеңіне қатысты. Жарыс «Шарик-Марик» теннис клубында (Навои көшесі 62а/1) 2022 жылғы 13 наурызда сағат 9-00-де өткізілді. Жарысқа 19 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 114 адамды құрады.

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ командасы атынан қатысқандар:

Ұлдар

1. Шынболат Рахметов (Иск 20-2)

2. Аманжол Темирболат (РЭТк 20-1)

3. Әбунасыр Мұңайпасов (КАУк 21-11)

\"\"\"\"\"\"

Қыздар  

1. Диляра Босунова (ИСк 20-5)

2. Аяжан Наурызбай (КРЭк 20-11)

3. Арина Шантимисова (РЭТк 20-6)

Командалық орындар жеке жинаған ұпайлардың ең аз сомасы бойынша бөлінді. Жалпы командалық орындар келесідей бөлінді:

  • ҚазҰУ– 20 ұпай
  • Қаз. ҰТЗУ – 76 ұпай
  • ХАТУ – 94 ұпай
  • АЭжБУ -161 ұпай

\"\"\"\"\"\"

Юноши             

9. АЭжБУ – 82 ұпай

Девушки        

10. АЭжБУ – 79 ұпай

АЭжБУ командасының үздік ойыншылары: Д. Босунова – 13-орын, А. Мұңайпасов – 13-орын.

Бұл АЭжБУ командасының пандемияның соңғы екі жылындағы қалалық жарыстардағы алғашқы ойыны. Келесі жарыстарда біздің спортшылар өз нәтижелерін жақсартады және АЭжБУ командасы жоғары орындарға ие болады деп үміттенеміз.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы

А.Г. Катанаев

 

 

Copy link Сілтемені көшіру copy link iwitter link facebook link linkedin link

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Energo University

Ұқсас жаңалықтар
Предыдущий Следующий
Ұқсас жаңалықтар